"Қайрат қайда?". Жұлдыз Әбдікәрімова отбасылық фотосымен бөлісті

28 Желтоқсан 2023, 16:55 1997

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Жаңа жылды қалай өткізетінін айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бұл уақыт бір жылды қорытындылап, келер жылға жоспар құратын кезең екенін алға тартады.

Жаңа жыл біз үшін отбасылық мереке! Отбасымызбен бірге уақыт өткізуге тырысамыз. Бір-бірімізге сыйлық жасап, жылы тілек айтамыз. Ал жеке өзім үшін желтоқсан өте сәтті ай. «Әлем ханымы» атағын әкелген ай, «Сезін» кітабының тұсауын кескен ай, «Ажырасам» фильмі үлкен экранға шыққан ай. Бұл жылы да мен үшін жаңа жанрдағы «Қара шекпен» әфсанасының премьерасы болған ай. Бұл мерекеге ешқандай діни көзқарасты араластырмай отбасылық деп қабылдаймын, – деп жазды актриса. 

Ол сондай-ақ жаңа жыл қарсаңында жасалатын отбасылық дәстүрге туралы да айтып берді.

Алдымен үйге шырша құрамыз. Балалармен фото жасалады. Келер жылға отбасылық жоспар құрылады. Барлық жағдайда бір-бірімізге қолдау білдіреміз деген уәде беріледі. Жыл сайын дәстүр бойынша ескі фотоларды ақтарып, балалардың сәби кезін еске аламыз. Өзім жыл сайын ескі альбомдарды ақтарғанда балаларымның бөпе болғанын көремін, – дейді өнер иесі. 

Желі қолданушылары бірден Қайрат Нұртастың фотодан көрінбегінін назарға алған. Олар "Қайрат қайда?, "Ажырасқандары рас болып тұр ма? " деген сауалдар жолдап жатыр. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: