Бүгін алматылық команда «Астананы» қабылдап, 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алғашқы голды 15-минутта Марин Томасов соқты. Екінші таймда «Қайраттың» жас жұлдызы Дастан Сәтпаев есепті теңестірді.
Осылайша Рафаэль Уразбахтин шәкірттері 59 ұпаймен Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды. Ал, «Астана» туринир кестесінде 2-орында қалды.