«Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков жарақатынан толық айығып, команда құрамына қайта оралды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Темірлан Анарбеков жалпы топпен бірге жаттығуға қайта кірісті, - деп жазылған «Қайраттың» инстаграмдағы парақшасында.
Айта кетейік, 21 жастағы «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Селтикке» қарсы өткен қарымта кездесудің басты қаһарманы атанып, командасының тарихи жеңіске жетуіне үлкен үлес қосты. Алайда көп ұзамай «Ақтөбеге» қарсы матчта ауыр жарақат алып, жақ сүйегі сынған.