Алматының «Қайраты» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңында Кипрдің «Пафос» клубымен өтетін матчтың билет бағаларын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алдағы ойынға арналған билеттер құны былай белгіленді:
Батыс трибунасы – 30 000 теңге (1-9-секторлар, 1-3-қатар), 150 000 теңге (10-11, 16-17 және 1-9-секторлар, 4-қатардан бастап), 250 000 теңге (12-15-секторлар);
Шығыс трибунасы – 75 000 теңге (30-48-секторлар);
Солтүстік трибуна (қақпа артындағы орындар) – 30 000 теңге (20-28-секторлар), 75 000 теңге (18-19-секторлар);
Оңтүстік трибуна (қақпа артындағы орындар) – 30 000 теңге (49-58-секторлар), 75 000 теңге (59-60-секторлар).
Билеттер сатылымы бүгін, 13 қазан күні, сағат 12:30-да (Астана уақытымен) басталды.
Айта кетейік, «Қайрат» – «Пафос» матчы 21 қазанда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Бұған дейін Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері алғашқы екі ойында лиссабондық «Спортингтен» (1:4) және мадридтік «Реалдан» (0:5) ұтылған болатын.