«Қайрат» өз қатарына грузиялық футболшыны қосты

14 Қараша 2023, 20:03 945

Алматылық «Қайрат» 26 жастағы грузин қорғаушысы Лука Гадранимен келісімшартқа отырғанын хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Лука Гадрани өзінің мансабын Грузияның «ВИТ Джорджия» және Тбилисидің «Динамо» клубында бастады. 2016 жылдың екінші жартысында испаниялық «Алавес» командасының дублінде болды.

Кәсіби деңгейде Гадрани Грузияның «Цхинвали» және «Рустави», ирандық «Шахин» және латвиялық «Валмиера» клубтарында өнер көрсеткен. 2022 жылдың басында қорғаушы «Таразға» ауысты, онда чемпионаттың үздік қорғаушыларының бірі болды.

Өткен маусымда Гадрани «Ақтөбе» сапында бақ сынады, клубта 26 матч өткізіп, 3 гол соқты.

Берік Арманов
Бөлісу: