29.11.2025
13:15
568
«Қайрат» – «Олимпиакос» матчының билеттері сатылымға шықты

«Қайрат» – «Олимпиакос» матчының билеттері сатылымға шықты

УЕФА Чемпиондар Лигасы аясындағы «Қайрат» – «Олимпиакос» матчының билеттері сатылымға шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Freedom Ticketon УЕФА Чемпиондар Лигасы аясында өтетін «Қайрат» – «Олимпиакос» матчының билеттері сатылымға шығарылғанын хабарлайды. Ойын 2025 жылдың 9 желтоқсанында «Астана Арена» стадионында өтеді.

Билет рәсімдеу талаптары:

Билетті сатып алу үшін пайдаланушы келесі деректерді көрсетуі қажет:

- ЖСН
- мобильді телефон нөмірі
- электрондық пошта мекенжайы

Лимиттер:

- бір пайдаланушы 2 билеттен артық сатып ала алмайды
- төлем тек бір банк картасы арқылы қабылданады

Билетті алу тәртібі:

- SMS-хабарлама матч күні жіберіледі
- Көрсетілген e-mail-ге QR-билет сілтемесі жолданады
 
Сатылым платформалары:

Билеттер келесі мобильді қосымшалар арқылы қолжетімді болады:

- Freedom SuperApp
- Qairat SuperApp

 

Жанкүйерлерге маңызды ақпарат

Билеттерді тек ресми сатылым сервистерінен сатып алыңыз.

Үшінші тұлғалардан немесе күмәнді көздерден ұсынылатын билеттерден аулақ болыңыз.

 

Ресми емес көздерден алынған билеттер мынадай қауіптерге себеп болуы мүмкін:

- стадионға кіру мүмкіндігінен айырылу
- жұмсалған қаражаттың қайтарылмауы
- билеттің жарамсыз деп танылуы

Ресми арналарды пайдалану билетіңіздің шынайылығын, сатып алудың қауіпсіздігін және матчқа кіруге толық кепілдікті қамтамасыз ететін жалғыз мүмкіндік.