Қайрат Нұртаспен төбелескен жолаушы 10 тәулікке қамалды

5 Шілде, 17:31 1674

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сотпен анықталғаны 2024 жылдың 4 маусымда Б. Алматы-Астана бағытында ұшақ бортында танымал әнші А.-мен жанжал шығарып, артынан төбелеске айналған. Ұшақ бортындағы төбелес кезінде ол әдепсіз сөздер айтқан. Б. өз әрекетімен қоғамды сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сотта Б., өз кінәсін мойындамады.

434-баптың 1-бөлігінің санкциясы 20 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға жауаптылықты қарастырылған.

 Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: