Қайрат Нұртас Жұлдызды іздеп Атырауға барды

Кеше, 15:37 1229

Танымал әнші Қайрат Нұртас Атырауға сүйіктісін іздеп барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырауда танымал қазақстандық актриса және тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімованың қатысуымен спектакльдің тұсаукесері өтті, оған күйеуі Қайрат Нұртас та көрермен ретінде қатысты.

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Спектакль керемет өтті, деп бағалады Қайрат Нұртас әйелінің қатысуымен өткен спектакльді.

Қойылым соңында әнші сүйіктісіне гүл шоқтарын тарту етіп, әртістермен естелік суретке түсті.

@aiko99622

 

♬ оригинальный звук - Қайрат Нұртас

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: