29.04.2024
22:11
1144
Қайрат Нұртас тағы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қайрат Нұртас тағы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

29 сәуірде желіде әншінің көлікті қауіпсіздік белдігін тақпай айдап бара жатқан видеосы тарады. Алматы қалалық Полиция департаменті Нұртастың жазаланғанын мәлімдеді.

Құқық бұзушыға қарсы шара қолданылды. Көлікті қауіпсіздік белдігін тапқай басқарғаны үшін ол Әкімшілік кодекстің 593-бабы 2-бөлімі бойынша жауапқа тартылды, – деді полициядағылар.

Естеріңізде болса, 2023 жылғы наурызда өнер иесі Талдықорғандағы орталық алаңда көлікпен жүрген видеосын жариялап, жаза арқалаған болатын.