Қайрат Нұртас Қазақстанда АЭС салуды қолдап, халыққа үндеу жасады

17 Қыркүйек, 09:34 874

Қазақстанның эстрада жұлдызы, танымал әнші Қайрат Нұртас АЭС салуды қолдау жөніндегі Шымкент қалалық штабында болды. Бұл кездесуде өнер жұлдызы «AMANAT» партиясының қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаевпен атом электр станциясының салыну жобасына байланысты пікір алмасты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайрат Нұртас өз сөзінде елімізде атом электр станциясын салу жобасының жүзеге асырылуына толық қолдау білдіретінін атап өтті. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында жарияланған жалпыхалықтық референдумды маңызды қадам ретінде қарастыратынын және 6 қазан күні өтетін референдумда белсенді түрде қатысатынын мәлімдеді.

Әнші сонымен қатар, өзінің видеоүндеуінде халықты осы науқанға белсенді қатысуға шақырды. Ол барша тыңдармандарына референдумның маңыздылығын айтып, өз дауысын беру арқылы еліміздің болашағына үлес қосуға үндеді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб (@aes_referendum2024)

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: