"Қайрат көкіректеу, Төреғали қарапайым". Эстрада жұлдыздарының шынайы бейнесі қандай?

18 Тамыз 2023, 10:00 4505

"Сағындырған әндер-ай" ән кешінің ұйымдастырушысы болған Әсия Сағындықова әртістердің шын бейнесі қандай екенін жазды. Оның TikTok-парақшасында жариялаған жазбасы елдің талқысына түсті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Майра Ілиясованың жыл сайын өтетін дәстүрлі «Сағындырған әндер-ай» ретро ән кешін ұйымдастырған қыз эстрада жұлдыздары туралы ойын бөлісті.

"Бір көрген адамдарға баға беру қиын болмады ма?",  "Кейде күніне 2-3 концертке барады. Кешке қоймай тойына алдыртады… Екінің бірі шыдай бермейді. Қайраттың жүрген жолымен жүріп көру керек!!!", "Джентльмен кісіні әйелі сабап жатқан шығар байқұсты", - деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Нұрболат мырза өте көңілді әрі харизмасы бар адам екен. Өмірде өзін салмақты ұстайды, - дейді ол. 

Фото: tiktok.com/@asiyokaa

Қайрат Нұртасты көргенде қатты таңғалғанын жасырмады. Әншіні көкіректеу деп сипаттағанына оқырмандар келіспей, оның шын мәнінде өте қарапайым екенін жазып жатыр.

Қайрат мырзаға мейк әсер етпейтін болыпты. Өмірде көріп таңғалдық, көкіректеу екен, - дейді видео авторы. 

Фото: tiktok.com/@asiyokaa

Ал Төреғали Төреәлі туралы өте жақсы пікірін жазған. Оның адамдармен жақсы қарым-қатынас жасайтынын атап өткен.

Төреғали мырза өте қарапайым, келбетті екен. "Қарындасым" деп сыйлап, жақсы қарым-қатынаста болды, - деп жазды.

Сәкен Майғазиевтің мінезі туралы да ой бөліскен.

Сәкен мырза өте алтын кісі, өмірі жайдары жүреді. Біздің қызметке риза болып, мақтап жүреді, - деп жазды.

Ұйымдастырушы қыз Мейрамбек Бесбаевтың дауысына есі кеткенін де жасырмаған.

Фото: tiktok.com/@asiyokaa

Ал Жігер Аупбаевтың бойы ұзын болғаны сонша өзін ергежейлі сезінгенін атап өтті.

Жігер мырза жылтың-жылтың етіп. Не болса да бойды берген екен. Өзімді ергежейлі сезініп қалдым, - дейді видео авторы. 

Кеш ұйымдастырған Әсия жүргізуші Ғалымжан Кеңшілікті "нағыз джентльмен" деп атады. Оның өзіне көрсеткен қамқорлығы қызды тәнті еткен.

Осы кісі таза джентльмен екен. Мен дүкенге сырт киімсіз шығым кеткенімде асығып, мен жаурап қалмасын деп киімін беріп, дүкенге бірге барып келді. Бірақ, өкінішке қарай, әйелі бар екен, - деп жазды Әсия Сағындықова.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: