Қайрат Боранбаевтың ісі апелляциялық сатыда қаралып жатыр

26 Шілде 2023, 16:15 599

Қайрат Боранбаевтың ісін апелляциялық сатыда қайта қарау туралы келісім шарттары талқыланып жатыр, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қ. Боранбаев, Т. Жанұзақ және Р. Наханов Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының 2023 жылғы 31 наурыздағы үкімімен сотталған болатын.

Сот үкіміне сотталғандар мен олардың қорғаушыларынан апелляциялық шағым түсті. Апелляциялық саты шағымдардың дәлелін, сондай-ақ прокурор үкімнің күшін жою туралы өтінішхатты қарап, сот үкімінің күшін жойып, шағымды қарауға кірісті», - делінген соттан берілген жауапта.

Ресми жауапта айтылғандай, прокурор мен жәбірленушінің өкілі мәлімделген өтінішхатқа келісім берген.

Істі қайта қарау басталғанға дейін Қ. Боранбаев және оның адвокаты, сондай-ақ басқа да сотталушылар мен олардың қорғаушылары іс жүргізу келісімін жасасу туралы өтінішхат жазды. Апелляциялық сатыдағы сот өтінішті қанағаттандырды, процеске қатысушыларға іс жүргізу келісімін жасасу үшін уақыт берілді, - дейді елорда сотынан.

Қазір іс жүргізу келісімінің шарттары талқылау сатысында.

Равиль Ашығали
Бөлісу: