Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты

6 Қараша 2023, 09:42 914

6 жылға сотталған Қайрат Боранбаевтың жазасы өзгертіліп, бас бостандығын айыру жазасы шектеу шарасына ауыстырылғаны белгілі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот үкімі күшіне еніп, 6 қарашада Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты. 

Айта кетейік, бас бостандығын шектеуге сотталғандар өз бетінше жүретін тұрғылықты жері бойынша жазасын өтейді, оларға пробациялық бақылау белгіленеді.

Бұған дейін кәсіпкердің мемлекетке қайтарған активтері мен мүлкі туралы жазған едік.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: