20.10.2023
20:00
1367
Қайрат Боранбаев бостандыққа шығады

Қайрат Боранбаев бостандыққа шығады

Қайрат Боранбаев түрмеден босатылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның жазасы өзгертілді. Енді оның бас бостандығын айыру жазасы шектеу шарасына ауыстырылды. Ол пробациялық бақылауда болады.

Сот келесі мән-жайларды ескере отырып, Боранбаевтың арызын қанағаттандырды:

- сотталған адам жаза мерзімінің 1/3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеді;

– мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеп, тергеуге көмектесті және ісіне өкінеді;

- қамауда ұстау кезінде оған оң сипаттама берілді.

Айта кетейік, наурызда Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталған. Ал қыркүйекте жаза мерзімі 6 жылға дейін қысқарған еді.