Қайрат Әділгерей жұбайына су жаңа көлік сыйлады

29 Қараша 2023, 12:12 4324

Актер, шоумен Қайрат Әділгерей жұбайына арманындағы көлікті сыйлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әнші Бақыт Тұрман күйеуі сыйлаған су жаңа темір тұлпарын Instagram парақшасында көрсетіп сүйінші сұрады.

Құрметті достар, отбасымыздағы жаңалықты бөліскім келіп отыр. Көптен бері Бақытқа жаңа көлік сыйлауды армандап жүргенмін. Lexus NХ 250 көлігін алдық. Баршаңызға жұғысты болсын! Бақыт, құтты болсын! Былтыр алғымыз келген. Бірақ ыңғайы келмей, биыл қолымыз жетті, - деді видеода Қайрат Әділгерей.

Бақыт Тұрман болса «Бұл да бір арман, бұл да бір жетістік» деп жазды.

Бұл көліктердің нарықтағы құны 35 млн теңгеден басталады. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: