15.12.2024
03:34
918

Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті

Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 14 желтоқсан күні Алматы — Өскемен тасжолының 938-шақырымында болған. Желдің қатты екпінінен Mercedes-Benz Atego жүк көлігінің тіркемесі  аударылып кетті.

Оқиға орнына дереу полиция мен шұғыл қызмет өкілдері жетті. Алдын ала мәліметтер бойынша оқиғаның басты себебі — қолайсыз ауа райы. Полиция жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырады!,-делінген облыстық ПД мәліметінде.