Қатон-Қарағай ауданында орман өрті оқшауланды

18 Маусым 2023, 14:53 981

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында жанып жатқан орман өрті оқшауланып, бәсеңдеді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі Катонқарағай ұлттық табиғи паркі Ақсу филиалының аумағында шыққан қызыл жалынның беті қайтқанын мәлімдеді. 

Алдын ала дерек бойынша Катонқарағай ауданының Сенное ауылынан 3 шақырым жерде, «Катонқарағай ұлттық табиғи паркі» РММ Ақсу филиалының аумағында (Усть-Язовское орманшылығы) тұтанған өрттің жалпы ауданы 15 гектарды құрады. Шөп пен бұталарды шарпыған от сағат 14.00-де оқшауланды. Өртті сөндіруге ТЖД-дан 11 адам, орман шаруашылығынан 99 адам және 3 техника, «Авиаорманқорғау» мекемесінен 6 адам және жергілікті атқарушы органнан 7 адам жұмылдырылды», - деп жазылған департамент таратқан мәліметте. 

Бұған дейін шығыс өңірдегі Риддер қорығында жанып жатқан орман өрті сөнідірлген болатын. Сондай-ақ, Қатон-Қарағай аумағында өртке 2 тікұшақ тартылғаны айтылды. 

Асқар Таудай
Бөлісу: