Массачусетс университетінің зерттеушілері қатерлі ісікке қарсы вакцина тиімділігін бірнеше есе арттыратын жаңа буындағы нанобөлшектер ойлап тапты. Ғылыми жаңалық Cell Reports Medicine журналында жарияланды.
Мамандар жасаған липидті нанобөлшектер иммундық жүйеге екі түрлі «дабыл белгісін» жеткізеді — STING және TLR4 жолдарының агонистерін. Бұл комбинация организмнің қорғаныс жасушаларын барынша белсендіреді, интерферон өндірісін арттырады және вакцинаның әсерін бірнеше есеге күшейтеді.
Тәжірибе барысында тышқандарға енгізілген препарат тек ісікті жойып қана қоймай, иммундық жад қалыптастырғаны анықталды — яғни ағза аурудың қайта дамуына қарсы тұра алды.
Жаңа әдіс — түрлі қатерлі ісік түрлеріне бейімделе алатын платформалық шешім. Оны меланомаға, ұйқы безі обырына немесе үштік негативті сүт безі рағына қарсы қолдануға болады.
Қазіргі кезеңде ғалымдар препараттың қауіпсіздігін тексеріп, адамдарға арналған клиникалық сынақтарға дайындықты бастауда.
Бұған дейін зерттеушілер терең теңіз минералдарында өсірілген сәбізді тұрақты тұтыну ішек қатерлі ісігінің даму қаупін айтарлықтай төмендететінін анықтаған болатын.