Огайо штаты университетінің доценті Теодор Браски (Theodore Brasky) Daily Express басылымына берген сұхбатында B6 және B12 дәрумендерінің өкпе қатерлі ісігін тудыруы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
B тобына жататын дәрумендер шаршауды азайтып, көру қабілетін жақсартып, депрессия белгілерін жеңілдетуге және жүйке жүйесінің қызметін реттеуге көмектеседі. Алайда соңғы зерттеулерге сүйенсек, бұл дәрумендер онкологиялық аурулардың дамуына ықпал етуі мүмкін.
Браскидің айтуынша, ғалымдар 77 000 адамды қамтыған зерттеу жүргізген. Нәтижесінде:
Зерттеу нәтижелері B дәрумендерінің әсіресе темекі шегетін ер адамдар үшін өте қауіпті екенін көрсетті. Бұл топ өкпе қатерлі ісігіне бейім келеді.
Бұған дейін Д дәруменінің жетіспеушілігін қалай толықтыруға болатынын жазған едік.