«Қателескенін ескеріп...». Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат туралы сұрағандарға жауап берді

12 Шілде, 18:22 4331

Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртас туралы сұраған оқырмандарына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол 15 тәулікке қамалған жолдасына «қолдау» білдірмей, шетелге қыдырып кеткені үшін желіде оқырмандарынан сөз естіп қалды. Осыған қатысты актриса пікір білдірді.

Ешқашан жеке мәселені парақшамда талқылаған емес едім. Сіздердің жазғандарыңызды балалар оқып жатыр. Бұл оқиғада менің фокусым – балаларда. Қыздар жасөспірім шақта. Ұлдар – намысшыл. Ата-анасы өнер адамы болғаны үшін неге олар қиындық көрулері керек?! Заң алдында барлық азамат бірдей. Ол азаматтығын көрсетті. Қателескенін ескеріп, жауап беруге дайын екенін дәлелдеді. Балаларға түсіндіруге тырыстық. Енді сіздер де доғарыңыздар! Балаларға ауыр тиіп жатыр, - деп жазды ол.

Айта кетейік, сот қаулысымен Қайрат Нұртас ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі – «Ұсақ бұзақылық» бойынша құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: