Енді «Электрондық үкімет» порталы арқылы «Әлеуметтік аударымдарды уақтылы немесе толық төлемегені үшін артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және өсімпұлдарды қайтару» және «Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының және өсімпұлдың сомасын қайтару» қызметтеріне өтінім беруге болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқи отырыңыз:
ҚР ЕХӘҚМ мәліметінше, бұрын әлеуметтік аударымдарды немесе зейнетақы жарналарын төлеушілер төлемдер кезінде жіберілген қателіктерді түзету үшін Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі орталық филиалының кеңсесіне немесе оның аймақтық филиалдарының бэк-офистеріне жүгінуге мәжбүр болатын.
Бұл ретте қате аударылған сомаларды қайтаруға өтініштерді қабылдау тек қағаз жеткізгіште атқарылса, ал оларды қарауды Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі орталық филиал жүзеге асырды. Басқа өңірлерден өтініштер «Қазпошта» АҚ немесе курьерлік қызметтер арқылы жеткізілді, - делінген мәліметте.
E-Gov арқылы өтінім қалдыру мүмкіндігінің пайда болуы бұл процесті айтарлықтай жеңілдетіп, қызметтерді алу уақытын қысқартады.