20.11.2022
21:19
2045
Қатарда футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Қатарда футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Қатар елінде футболдан әлем чемпионатының ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды El.kz

Биылғы әлем чемпионаты алғаш рет қыс мезгілінде өтіп жатыр. Ойындар 5 қалада орналасқан 8 стадионда болады. 

FIFA мәліметінше, Әлем кубогінің жүлде қоры - 440 млн доллар. Жеңімпаз тұғырына көтерілген құрама - 42, күміс жүлдегер - 30, 3-орын иегері 27 млн долларға қол жеткізеді. Ал 4-орын иегері - 25, 5-8 орын алғандардың әрқайсысы - 17, 9-16 орын аралығында болғаны - 13, 17-32 орындағылар 9 млн доллардан алады.