03.12.2022
23:04
2506
Қатар-2022: Нидерланд ширек финалға жолдама алды

Қатар-2022: Нидерланд ширек финалға жолдама алды

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Нидерланд мен АҚШ құрамалары кездесті, деп хабарлайды El.kz.

Ойын 3:1 есебімен еуропалықтардың пайдасына шешілді.

Әлем біріншіліктерінің үш мәрте күміс жүлдегері – Нидерланд құрамасы алғашқы сәттерден-ақ екі гол соғып, үздік ойын көрсетті. 

80-ші минутта АҚШ құрамасының шабуылшысы Хаджи Райт командасына бір ұпай сыйлады. Арада 4 минут өткенде еуропалықтар тағы бір гол соқты.

Осылайша, Нидерланд құрамасы ең бірінші болып ширек финалға жолдама алды.