06.12.2022
02:09
1642
Қатар-2022: Хорватия Жапония құрамасын жеңіп кетті

Қатар-2022: Хорватия Жапония құрамасын жеңіп кетті

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем біріншілігінде Хорватия Жапонияны жеңіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz.

Жекпе-жектің басында хорватиялықтар басымдық танытса да, Жапония құрамасы да беріспеді. Бірінші таймнан соң жапониялық Дайдзэн Маэда есеп ашты.

Үзілістен соң хорватиялықтарға «Тоттенхэм» сапында ойнап жүрген Иван Перишич гол сыйлады.

Кездесудің төрешісі Эльфат Исмаил командаларға қосымша уақыт берді. Матчтан кейінгі пенальтиде 3:1 есебімен Хорватия жеңіске жетті.