03.12.2022
06:39
1195
Қатар-2022: Бразилия Камеруннан жеңілсе де, плей-оффқа өтті

Қатар-2022: Бразилия Камеруннан жеңілсе де, плей-оффқа өтті

Қатардағы футболдан әлем чемпионатында Бразилия құрамасы Камеруннан жеңіліп қалды, деп хабарлайды El.kz.

Алайда бұл жеңіліс бразилиялықтарға G тобында үздік команда атанып, плей-оффқа өтуге еш  кедергі келтірмеді.

Ойын 1:0 есебімен аяқталды. Допты қақпаға Венсан Абубакар салды. Қатты қуаныштан жейдесін шешкен футболшы бұл әрекеті үшін «сары карточка» алып, алаңнан қуылды.

Бразилия құрамасы жалпы 6 ұпай жинап, келесі кезеңге жолдама алды. Турнирдің 1/8 финалында Оңтүстік Корея құрамасымен бақ сынасады.