11.03.2024
13:31
1080
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға мемлекеттік сапары басталды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға мемлекеттік сапары басталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда Қазақстан Президентін Әзербайжан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Самир Шарифов қарсы алды.