Францияға ресми сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Парижде салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Рәсім алдында Мемлекет басшысы Франция Республикасының туына ілтипат көрсетті. Әскери оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.
Содан кейін Президент Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының ісі жөніндегі министр-делегат Оливье Бештпен бірге сап түзеп тұрған Құрмет қарауылы ротасының алдынан жүріп өтті.