Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.
Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуге ресми сапары кезінде қол жеткізген уағдаластықтар екіжақты қарым-қатынасты жан-жақты нығайтуда басты бағдар болатынын атап өтті.
Мемлекеттер басшылары сондай-ақ қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту жөніндегі бірлескен міндеттерді талқылады.