25.10.2025
09:52
467
Қасым-Жомарт Тоқаев Шұғыла Өмірбекті тарихи алтынымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Шұғыла Өмірбекті тарихи алтынымен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шұғыла Өмірбекті әйелдер арасындағы күрестен U23 әлем чемпионатының жеңімпазы атануымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл – тарихи жеңіс. Өйткені еліміз мұндай халықаралық жарыста алғаш рет алтын медаль иеленіп отыр. Әр салада өзінің табандылығымен, еңбекқорлығымен табысқа жететін жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Шұғыланың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдіремін!, - делінген құттықтауда.