Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Францияға барды

29 Қараша 2022, 11:52 958

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция Президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді.

Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Бөлісу: