Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді

6 Қазан, 09:10 328

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша өтіп жатқан жалпыұлттық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Президент елордадағы сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда оң шешім қабылданған жағдайда станция құрылысымен халықаралық консорциум айналысуы қажет екенін айтты.

Бұл оңай мәселе емес. Үкімет талдау жасап, тиісті келіссөздер жүргізуге тиіс. Дей тұрғанмен бұл жағдайға жеке көзқарасым — Қазақстанда ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан тұратын Халықаралық консорциум жұмыс істеуге тиіс, — деді мемлекет басшысы.

Елімізде он мыңнан астам сайлау учаскесі ашылып, Қазақстанның өзге елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде 74 учаске жұмыс істеп жатыр.

Бүгін халық «Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа жауап береді. «Иә» немесе «жоқ» деген екі жауап қарастырылған. 

Айта кетейік, сайлаушылар тізімінде 12 млн 233 мыңнан астам азаматтың аты-жөні бар. Егер дауыс беру тізіміне енген азаматтардың 50 пайыздан астамы қатысса, референдум өтті деп саналатынын еске саламыз.

 

Ажар Лаубаева
Бөлісу: