Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында Моңғолияға барады

26 Қыркүйек, 11:31 724

Мемлекет басшысы қазан айында ел президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың шақыртуымен Моңғолияға барады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Aist Global телеарнасының мәліметінше, екі ел көшбасшылары сауда-экономикалық байланыстарды арттыруды және өзге де мәселелерді талқылайды.

Тараптар елдер арасында тікелей әуе рейсін ашу және жоғары жылдамдықты магистраль құрылысы мәселелерін талқылау үшін іскерлік кеңес құрмақ, - делінген ресми баспасөз парағында.

Сонымен қатар келіссөздер барысында Қазақстанның Моңғолияға экспорттайтын мұнай өнімдерінің көлемін 500 миллион долларға ұлғайту (қазір – 100 млн), «Жол картасы» және Қазақстан мен Моңғолия арасында әуе рейстерінің санын арттыру мәселелері сөз болады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: