Қасым-Жомарт Тоқаев Минск пен Бакуге барады

21 Қараша 2023, 10:10 777

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 23 қарашада Минск қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ал 24 қараша күні Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) саммитіне қатысу үшін Бакуге жұмыс сапарымен барады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы өткен аптада ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровты, бас прокурор Берік Асыловты, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті, Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Бұүдан бөлек те бірқатар маңызды қабылдаулар өткізіп, сонымен қатар футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан құрамасының Сан-Мариномен өткен ойынында командамызды қолдау үшін "Астана Арена" стадионына арнайы барды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: