14.07.2023
09:01
1539
Қасым-Жомарт Тоқаев француз халқын ұлттық мейрамымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев француз халқын ұлттық мейрамымен құттықтады

Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды және барша француз халқын Францияның ұлттық мейрамы – Бастилияны алу күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Франция арасындағы сенімді саяси диалог пен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастыққа негізделген стратегиялық серіктестіктің нығайып келе жатқанын атап өтті.