Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға мемлекеттік сапармен барады

31 Қазан, 22:09 382

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмманюэль Макронның шақыруымен 4-5 қараша күндері Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сапар барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Францияның іскер топтарының бірқатар өкілімен кездеседі.

Перизат Саденова
Бөлісу: