Қасым-Жомарт Тоқаев Франция халқына көңіл айтты

Бүгiн, 09:40 188

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына олардың қайғысына ортақтаса көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, Францияның Майотта аралында алапат дауылдан жүздеген адам қаза тапты.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: