Қасым-Жомарт Тоқаев: Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын!

14 Наурыз, 09:11 682

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амал күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін! – деп жазды Президент өзінің Х парақшасында.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Наурызнаманың» жаңа концепциясы дайындалды. Оның аясында қазақстандықтар еліміздің басты мерекесін 10 күн тойлайтын болады.

«Амал мерекесі» қауышу күні ғана емес, бұл ең алдымен – өмірді жаңа парақтан бастауға, өткенге разы болып, болашақты сеніммен қарсы алуға үндейтін мереке.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: