Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия халқын құттықтады

26 Қазан 2023, 10:27 698

Мемлекет басшысы Аустрияның Федералдық президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді және Аустрия халқын Аустрия Республикасының ұлттық күнімен құттықтады.

Қазақстанның Еуропа кеңістігіндегі сенімді серіктесінің бірі саналатын Аустриямен дәстүрлі достық және өзара қолдау рухындағы көпжақты ынтымақтастығымыз алдағы уақытта нығая түсетініне кәміл сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Александр Ван дер Белленнің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Аустрия халқына құт-береке тіледі.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: