Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға барады

23 Қаңтар, 09:27 1417

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады. Президент мегаполистегі бірқатар нысанды аралайды. Соның ішінде Қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратына барып, қаладағы жағдайға байланысты жиын өткізеді, - деп жазды Берік Уәли желідегі парақшасына.

Айта кетейік,  Алматыда 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта 4 балдық жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі кезінде не істеу керек екенін оқыңыз.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: