Қаскөй теміртаулық тұрғыннан 2 млн теңге бопсалаған

17 Тамыз 2023, 09:11 932

Полиция басқармасына 34 жастағы қала тұрғыны арызданды. Ол белгілі бір адамның өзіне күш қолданып, қорқыту арқылы 2 млн теңге бопсалағаны туралы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Арлан" жауынгерлерімен бірлесіп жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы ер адамды ұстады, - делінген полиция мәліметінде.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту жұмыстары кезінде кастет және пневматикалық тапанша тәркіленді.

Аталған дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 194-бабына "Бопсалау" сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: