Қаскелеңде таксистер «Яндекс» қосымшасына қарсы наразылық акциясын өткізді

18 Мамыр 2023, 16:44 773

Алматы облысының Қаскелең қаласында таксистер наразылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көлік жүргізушілері «Яндекс» қосымшасына наразы.

Шаһардағы Бөгенбайұлы көшесіндегі Мәдениет үйінің жанына 100 шақты адам жиналған. Олар комиссия құнының өсуіне қарсы және қосымшаны жасаушылардан «кепілдендірілген бонустар» тармағын қайтаруды сұрайды.

Наразы топтың айтуынша, біраз уақыт бұрын бонустарды себепсізден себепсіз алып тастаған. Сондықтан олар кірісінің айтарлықтай бөлігінен айырылған.

Жиналғандар мұның митинг емес, көпшіліктің назарын аудару үшін ұйымдастырылған бейбіт жиналыс екенін айтады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: