25.11.2024
14:34
1100
Қашаған жобасына бөлінген 1 млрд доллар желге ұшты – Нартай Аралбайұлы

Қашаған жобасына бөлінген 1 млрд доллар желге ұшты – Нартай Аралбайұлы

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбай Мәжілістегі Үкімет сағатында Қашаған жобасына жұмсалған бір млрд доллар желге кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, дәл осы жобаны құзырлы органдар 9 жылдан бері дамыта алмай отыр. Соның салдарынан еліміз миллиондаға жоллар жоғалтуда.

 Мұнай мен газдың үстінде отырған Қазақстан шетелден мұнай-газ өнімдерін сатып алып жатыр деген ақпаратты естігенде «аспаннан киіз жауса да, кедейге ұлтарақ бұйырмайды» деген мақалды еске түседі. Бұл сұмдық жағдай. Осы мәселені шешуғе бағытталған ғасыр жобасы Қашаған уақытша тоқтатылғанда жұмсалған бір млрд доллар желге ұшты десек те болады, – деді Нартай Аралбайұлы.