Қашаған кен орнында мұнай төгілген жоқ – Сәтқалиев

3 Сәуір, 13:02 653

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қашаған кен орнында мұнай төгілді деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Қашаған кен орнын ғарыштан түсірілген сурет тараған еді. Суреттен кен орнындағы ерекше құбылысты байқауға болады.

Қашағандағы теңіз кешенін пайдалану кезінде мұнай төгілмеді. Қазір ақпаратты тексеріп жатырмыз. Ғарыштық бақылау суреттеріне талдау жасалды. Суреттен түсініксіз бейне байқалды, яғни бұл табиғи құбылыс ретінде көрсетіледі. Қазір барлық акваториядан су сынамалары алынуда. Әзірге мұнайдың жайылғаны расталған жоқ. Бірақ экологтар мен комиссия өз жұмыстарын жалғастырып жатыр, - деді Сәтқалиев.

Министр «мамандар аймақтағы жағдайды тікұшақпен бақыламады ма?» деген сұраққа жауап бере кетті.

Әрине, Экология департаментінің мамандарына тікұшақ керек болса, біз қамтамасыз етеміз. Әзірге аймақта тексеріс жұмыстарын жүргізуге су транспорты қарастырылып отыр, - деді министр.

Миражан Махан
Бөлісу: