Қаржы пирамидасын ұйымдастырған әйел сотталды

21 Қараша 2022, 15:10 886

Қылмыстық схема жылына теңгедегі салымдар бойынша 24%-ке дейін табыс алу шартымен құрылған

Қарағанды ​​облысында қаржы пирамидасын құру фактісі тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қаржлық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қылмыстық схема жылына теңгедегі салымдар бойынша 24%-ке дейін және шетел валютасында 6%-ке дейін немесе ай сайын 5%-ке дейін жылдық табыс алу шартымен инвестиция тартуға құрылған.
 
"Яковлева 2015 жылдың наурызынан 2020 жылдың сәуіріне дейін Қарағанды ​​және Павлодар облыстарында "Лидер Капитал 168 микроқаржы ұйымы" ЖШС филиалдарын ашып, оны басқарды. Осылайша, Яковлева И.В. өзінің қылмыстық әрекеттерімен жәбірленушілерге 180 млн.теңге көлемінде материалдық залал келтірген", - делінген қаржлық мониторинг агенттігінің хабарламасында.
Соттың үкімімен Яковлева Ирина Викторовна кінәлі деп танылып, 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
EL.KZ
Бөлісу: