Қаржы пирамидасын құрған қазақстандық Украинадан ұсталды

5 Наурыз 2023, 00:11 757

Ол тұрғындардың 85 млн теңгесін қолды еткен

Қаржы пирамидасының кезекті жетекшісі Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды El.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Украина Бас прокурорының офисі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырғаны және басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматшасы «К»-ны экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырды. Тергеу барысында аталған адамның 2017-2018 жылдар кезеңінде тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесуге уәде беріп, қазақстандық азаматтардың 85 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын алдап алғаны анықталды, - делінген құзырлы орган таратқан хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін азаматша «К» қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды.

Биыл қаңтарда күдіктіні Украина аумағында сол елдің құқық қорғау органдары ұстаған. Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері шетелдік әріптестерінің көмегімен азаматша «К»-ны  елімізге экстрадициялады.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

EL.KZ
Бөлісу: