Қарызды өндіріп алу кезінде шоттарды бұғаттау тетігі қайта қаралады – министр

5 Наурыз, 11:03 714

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров жаңа Салық кодексі шеңберінде салық төлеушіге бағдарланған әкімшілендірудің сервистік моделі енгізілетінін айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, енді салық төлеушіге тіркелуден бастап есептен шығарылуға дейін фискалды көмек көрсетілетін болады.

Қарызды өндіріп алу кезінде шоттарды бұғаттау тетігі қайта қаралатын болады. Салық есептілігі 30%-ға қысқарады. Салық төлемдері 20%-ға қысқарады. Ынталандырушы және тиімді жеңілдіктер сақталады. Мысалы, тауарлардың тізбесін оңтайландырып, есепке жатқызу әдісімен импортқа ҚҚС төлеу тәртібі сақталады, - деді Байбазаров.

Сонымен бірге өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобалар үшін 3 жылға жеңілдіктер беріледі.

Салықтық жеңілдіктер беру рәсімдерін оңтайландыру үшін жаңа Салық кодексі шеңберінде инвестициялар көлеміне, өндірістік процестердің күрделілігіне және түпкілікті өнімдердің өзіндік өндірісін дамыту үшін маңызы бар өзге де факторларға байланысты сараланған тәсілді ескере отырып, жеңілдіктердің «бір пакетін» беру жолымен ұсынылатын преференцияларды біріздендіру қаралады. Осылайша қолданыстағы ынталандыруды сақтай отырып, бизнесті қолдаудың жаңа шаралары қабылданады, - деді министр.

Миражан Махан
Бөлісу: