Иранның Ираншехр қаласында белгісіз қарулы адамдар екі полицей көлігіне шабуыл жасады. Оқиға кеше кешкісін орын алған. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі "Еркін Иран" Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл салдарынан бірнеше адам қаза тауып, тағы бірнешеуі ауыр жарақат алған. Қаза болғандар мен зардап шеккендердің нақты саны әзірге белгісіз.
Ирандық БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, шабуыл кезінде полиция қызметкерлері арасында қаза тапқандар жоқ, алайда төрт құқық қорғау қызметкері жараланып, ауруханаға жатқызылған.
Қазір оқиға орнында тергеу амалдары жүргізілуде, шабуылдаушыларды анықтау және ұстау бойынша арнайы операциялар басталды.