24.12.2024
15:00
1038

Қару-жарақ зауыты жарылып, 12 адам қаза тапты

Түркияның солтүстік-батысындағы Балыкесир қаласында жарылғыш заттар шығарататын зауыт цехында жарылыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы жергілікті губернатор Ысмайыл Ұстаоғлы хабарлаған. Жергілікті биліктің мәліметінше, жарылыс бүгін, 24 желтоқсан күні таңғы сағат 08:25-те болған.

Кареси уезінде жарылғыш заттар шығаратын зауытта жарылыс болды, қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Ақпарат нақтыланып жатыр, - деді ол.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс салдарынан 12 жұмысшы мерт болып, үш жұмысшы жараланды. Олар ауруханаға түсті.