ҚарТУ студенттері құтқарушылармен бірге су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты

5 Мамыр, 22:55 517

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенттері Ақмола облысындағы Жібек жолы кентінің 6 және 7 шағын аудандарында су басу қаупі туындауына байланысты Қарағанды облысының ТЖД-ның жеке құрамының қатарында болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу орнының «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының студенттері Мирас Жаппаров пен Балтабек Сәрсембаев адамдар мен жануарларды эвакуациялауға, үйінді бөгеттерді нығайту бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды орындауға қатысты.

Тағы бір білім алушы Әли Аманов 11 сәуірден бастап Атырау қаласында басқа құтқарушылармен бірге бөгет, тоған салуға, жағалауды нығайтуға қатысуда, оған қоса қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді және тонау мен ұрлық фактілеріне жол бермеу жөніндегі міндеттерді орындайды.

Су тасқыны жағдайы жоғары оқу орны студенттері үшін таңдаған мамандықтарының маңыздылығы мен қажеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеп өтті.

Перизат Саденова
Бөлісу: