20.08.2025
16:50
527
Қарттарға компьютерлік ойындар ойнауға кеңес берілді

Қарттарға компьютерлік ойындар ойнауға кеңес берілді

Қарт адамдарға миын жаттықтыру үшін компьютерлік ойын ойнау қажет. Психиатр-нарколог Руслан Исаев осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Компьютерлік ойындар қарттарға пайдалы, бірақ оларды тек көңіл көтеру ретінде емес, миға арналған жаттығу түрі ретінде қарастыру керек. Компьютерлік ойындарды кроссворд немесе шахмат секілді өзіндік «интерактивті жаттықтырғыш» ретінде қабылдауға болады. Үнемі ойнау назарды шоғырландыруға, қысқа мерзімді есте сақтауды дамытуға, ұсақ моториканы сақтауға көмектеседі, сол арқылы жасқа байланысты когнитивті өзгерістерді баяулатады. Маңыздысы - ойындар миды жасартпайды, бұл - жарнамалық миф. Бірақ олар есте бар когнитивті функцияларды ұзақ уақыт сақтауға жәрдемдеседі, әсіресе адамда ұмытшақтық немесе зейін қою қиындығының алғашқы белгілері байқалса, - деді дәрігер Gazeta.ru-ға берген сұхбатында.

Маманның айтуынша, тым күрделі симуляторлар, динамикалық «атқыш ойындар» немесе соңы жоқ мақсатсыз ойындарды таңдауға болмайды, себебі олар шаршатумен қатар мазасыздықты да тудырады. Ең қолайлы уақыт - күніне 15-30 минут, оның өзі бірінші жартысында ойнаған дұрыс, ал ұйқы алдында емес.

Ең тиімдісі - қарапайым әрі түсінікті, қысқа сессиялы ойындар: «Сапер», «Дойбы», түрлі пасьянс түрлері, пазлдар, «айырмашылықты тап», викториналар, сөз құрастыру ойындары. Сонымен қатар жад пен зейінді жаттықтыруға арналған арнайы онлайн-платформалар да пайдалы, - деп түйіндеді дәрігер.